SOPY_Pb_Cvr_Kazakh_1203_J2960.indd

Парамаханса Йогананданың айтқандары

Author:
ПАРАМАХАНСА ЙОГАНАНДА - Paramahansa Yogananda
Format:
Мұқабасы жұқа кітап - Paperback
Product Code:
1203
ISBN:
978-0-87612-716-2
Language:
Қазақ
Price:

$10.95

Amazon.com сайты арқылы тапсырыс бере аласыз

Сатып алу үшін, осы жерді басыңыз.

 

Sayings of Paramahansa Yogananda (Kazakh)

Description

Бұл шағын тұрмыстық көрініс коллекциясы біздің заманымыздың ұлы рухани тұлғаларының бірінің айрықша ойлауына өткінші көзқарас ретінде секілді болып көрінеді. Нұсқауларына жүгінген адамдарға берген оның жауаптарынан адал ниеттілік пен терең көрегендік мен мұндалап тұрады. Ол қиын сәттерде шиеленісті аса  тапқырлықпен шешуді, және нағыз терең философиялық ақиқатты күнделікті өмірге қажет қарапайым және ұмытылмас уағыздарға айналдыруды айна қатесіз білген.

«Парамаханса Йогананданың айтқандары» оқырманға Ұстазбен  кездесудің куәгері болуға тек мүмкіндік ғана емес, сонымен қатар  өз өмірін жақсарту үшін шексіз рухани шабыт пен тәжірибелік кеңестер береді. Бұл кітаптың әр парағынан оның адамдарға деген сергек қатынасы мен Құдайға деген шексіз махаббаты көрініп тұрады.

About the author

Парамаханса Йогананда (1893-1952) біздің заманымыздың көрнекті рухани қайраткерлерінің бірі болып саналады. Үндістанның солтүстік бөлігінде дүниеге келген ол, 1920 жылы АҚШ-қа келіп, отыз жылдан астам уақыт бойы ежелгі философия, йог медитациясы ғылымы мен теңдестірілген рухани өмір өнері бойынша дәріс берген. Йоганың алғашқы ұлы шебері Батыста ұзақ уақыт бойы өмір сүріп, оқыту үшін бүкіл Солтүстік Америка және шетелдерде саяхат жасап, дәріс оқыған, ірі қалалардағы әлеуетті аудитория алдында сөз ала отырып, ол ұлы әлемдік діндердің берік бірлігін ашуды көздеді. Өзінің әйгілі Йог өмірбаяны, Шығыс пен Батыс жазбалары бойынша жаңашыл түсініктемелері және басқа да қыруар кітаптары, рухани және гуманитарлық еңбектері арқылы миллиондарға шабыт сыйлаған Парамаханса Йогананданың 1920 жылы өзі негізін қалаған Self-Realization Fellowship (Өзіндік таным Серіктестігі) , халықаралық қоғам жұмысы күні бүгінге дейін жалғасын табуда.

You might also like

Editorial reviews

Парамаханса Йогананданың… шабытты сөздері жер шарының түкпір-түкпірінде құрметпен айтылады… Шығыстан келген бұл рухани ілімнің адам айтқысыз кереметі бар. Ол Батыстың ниетін сауықтырып, түрлендіре алады. —Riders Review, London