Description
Таңдамалы сөйлеген сөздері мен эссе Парамаханса Йогананда өзінің «Йогтың өмірбаяны» кітабында миллиондаған адамның жүрегін жаулаған шабытты әмбебап шындықтар жайында рухани әңгіме айтады. Шексіз даналық, қолдау сөздері және адамзатқа деген махаббат барлығы бірігіп келгенде бұл әңгімелесулерді айрықша жанды етіп, біздің заманымыздың рухани ұстаздарының бірінің қайталанбас тұлғасын нұрландыра түседі.
Бұл кітаптағы шабыт пен практикалық басшылық өмір құпияларын түсінуге ұмтылғандарға, Құдайдың бар екеніне жүректерінде үміттің жылы оты ұялағандарға және Құдайды тануға болатынын, өз іздеулері арқылы Құдайды тапқандарға көмектеседі.
About the author
Парамаханса Йогананда (1893-1952) біздің заманымыздың көрнекті рухани қайраткерлерінің бірі болып саналады. Үндістанның солтүстік бөлігінде дүниеге келген ол, 1920 жылы АҚШ-қа келіп, отыз жылдан астам уақыт бойы ежелгі философия, йог медитациясы ғылымы мен теңдестірілген рухани өмір өнері бойынша дәріс берген. Йоганың алғашқы ұлы шебері Батыста ұзақ уақыт бойы өмір сүріп, оқыту үшін бүкіл Солтүстік Америка және шетелдерде саяхат жасап, дәріс оқыған, ірі қалалардағы әлеуетті аудитория алдында сөз ала отырып, ол ұлы әлемдік діндердің берік бірлігін ашуды көздеді. Өзінің әйгілі Йог өмірбаяны, Шығыс пен Батыс жазбалары бойынша жаңашыл түсініктемелері және басқа да қыруар кітаптары, рухани және гуманитарлық еңбектері арқылы миллиондарға шабыт сыйлаған Парамаханса Йогананданың 1920 жылы өзі негізін қалаған Self-Realization Fellowship (Өзіндік таным Серіктестігі) , халықаралық қоғам жұмысы күні бүгінге дейін жалғасын табуда.