Description
Бұл кітаптың мақсаты діннің бірлігі мен жалпыға бірдейлігін баса көрсету.
Барлық діндердің ілімдерінде сол бір ақиқат белгіленеді: адам өзін Рух, Шаттық көзі ретінде танымайынша – ол пенделік шектеулі түсініктерімен шектеліп, табиғаттың бұлжымас заңдарына ұшырағыш болады. Адамның өз “Менін” тану адам бақытының кілті. «Мен» деген ұғым ол әр адамның адамгершілік қасиеті, рухы, мейірімі.
Егер сіз осында қарастырылып отырған танымдық әдістерді Өмір талабы бойынша жүрек тазалығыңызбен, ниет дұрыстығымен, қолдана білсеңіз, ол сізге рухани жетiлуге мүмкiндiк беріп бiр Алланы тануға бағыттайды.
— Парамаханса Йогананда
Батыста йог әкесі ретінде құрметке ие болған Парамаханса Йогананда біздің заманымыздың айрықша танымал рухани қайраткерлерінің бірі ретінде танылды. ХХ ғасырдағы ең үздік рухани кітаптардың жүздігіне кіретін Өмір сырының мәнісін тереңінен суреттеген оның «Йог өмірбаяны» атты шығармасы миллиондаған оқырмандар әлемінде өз орнын таба білді.