Description
Парамаханса Йогананданың Таңдамалы сөйлеген сөздері мен эсселеріне өзінің Йог өмірбаяны атты кітабындағы миллиондаған адамның жүрегін жаулаған шабытты әмбебап шындықтар жайындағы рухани әңгімелері енгізілген. Адамзат игілігіне бағытталған шексіз ұлы даналығы бар қолдау сөздері және Аллаға деген махаббаты, барлығы бірігіп келгенде бұл әңгімелесулерді айрықша жанды етіп, біздің заманымыздың рухани ұстаздың бірінің қайталанбас тұлғасын нұрландыра түседі.
Бұл кітаптағы тәрбие, шабыт пен тәжірибелік басшылық өмір құпияларын түсінуге ұмтылғандарға, әлемдегі барлық нәрсенің бәрі де және барлық нәрсе де Құдайдың бақылауында екеніне сенетін, жүректеріне жылылық егіп, өз іздеулері арқылы рухани ұмтылысымен Құдайды тануға талпынған жандардың жолын ашуға көмектеседі.
About the author
Парамаханса Йогананда (1893-1952) біздің заманымыздың көрнекті рухани қайраткерлерінің бірі болып саналады. Үндістанның солтүстік бөлігінде дүниеге келген ол, 1920 жылы АҚШ-қа келіп, отыз жылдан астам уақыт бойы ежелгі философия, йог медитациясы ғылымы мен теңдестірілген рухани өмір өнері бойынша дәріс берген. Йоганың алғашқы ұлы шебері Батыста ұзақ уақыт бойы өмір сүріп, оқыту үшін бүкіл Солтүстік Америка және шетелдерде саяхат жасап, дәріс оқыған, ірі қалалардағы әлеуетті аудитория алдында сөз ала отырып, ол ұлы әлемдік діндердің берік бірлігін ашуды көздеді. Өзінің әйгілі Йог өмірбаяны, Шығыс пен Батыс жазбалары бойынша жаңашыл түсініктемелері және басқа да қыруар кітаптары, рухани және гуманитарлық еңбектері арқылы миллиондарға шабыт сыйлаған Парамаханса Йогананданың 1920 жылы өзі негізін қалаған Self-Realization Fellowship (Өзіндік таным Серіктестігі) , халықаралық қоғам жұмысы күні бүгінге дейін жалғасын табуда.